«Барыс» ҚХЛ-дың плей-офф кезеңіне өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ханты-Мансийскінің «Юграсын» жеңген астаналық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасы Шығыс конференциясында сегізінші орынға көтерілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Sports.kz-қа сілтеме жасап.

Ойын 2:4 есебімен астаналықтардың пайдасына шешілді. «Юграның» қақпасына шайбаны Найджел Доус (2 рет), Нұрсұлтан Белгібаев пен Александр Липин салды. Ендігіде елордалықтардың еншісінде 52 ұпай мен 38 ойын бар.

Дүйсенбі күні «Барыс» қытайлық «Куньлунь РС» клубына қарсы ойнайды.

 

Соңғы жаңалықтар