Барселонада электр поезы апатынан 48 адам зардап шекті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Барселонада электр поезы апатынан кемінде 48 адам зардап шекті, деп хабарлайды ТАСС.

Барселонада Франукз вокзалының станциясында электр поезы платформаға соқтығысып, соның салдарынан бірнеше ондаған адам жарақат алды, деп хабарлайды El Mundo.

Пойыз Сан-Висенс-де-Кальдерс стансасынан Каталоняның Таррагон провинциясына бет алған.

Басылымның дерегі бойынша, поезд стансаға жеткен кезде тоқтай алмай, платформаға барып соғылған. Пойыз айтарлықтай зақымданған. Әлеуметтік желілердегі суреттерде оның алдыңғы бөлігінің қатты бүлінгені байқалады.

Апат салдарынан 18 адам ауруханаға жеткізіліп, оның бесеуі, соның ішінде машинистің жағдайы ауыр екендігі анықталды. Тағы 30 зардап шегуші медициналық көмекке мұқтаж. Қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ. 

Соңғы жаңалықтар