«Барселона» мен «Арсенал» сапында ойнаған футболшы «Қайратқа» келмек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін кешке Беларусь футболының жұлдызы Александр Глеб «Қайрат» сапында жаттығу өткізбек, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Кеше қазақстандық БАҚ беттерінде 36 жастағы бұрынғы ойыншы біздің елге келгені хабарланған. Кешқұрым ол Кайрат Боранбаевпен келіссөздер жүргізген. Ал бүгін таңертең ол «Қайраттың» жаттығу базасында болған. Тіпті команданың формасын алып, клубтың асханасында таңғы асын ішкен. Кешке командамен бірге жаттығуға қатыспақ.

Алайда, беларусьтық бұрынғы футболшымен келісім жасалғаны туралы дерек жоқ.

Шамасы, Андрей Аршавинмен жасалған шарт сценарийі қайталанатын секілді. Бір ай сынақ мерзімі беріліп, қосымша жаттығу жасайды. Егер бабы келсе, онда маусым соңына дейін келісім жасалуы мүмкін.  

Соңғы жаңалықтар