«Барселона» келер маусымда спорттық жейдесінің дизайнын өзгертеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барселона» футбол клубы келер маусымда спорттық киімдерінің дизайнын өзгертеді. Бұл туралы Footyheadlines.com басылымы хабарлады.

Каталондық клубтың 2017-2018 жылғы маусымдағы спорттық киімдерін танымал Nike компаниясы дайындайды. Осыған дейін де осы компания дайындап келген болатын. Тек алдағы маусымнан бастап команданың ресми демеушісі ауысады. Бұл туралы бұған дейінде хабарланған еді.

Бүгінде «Барселонаның» жейдесіндегі бас демеуші - Qatar Airways. Алдағы маусымнан бастап команда жейдесінің алдына Rakuten интернет-компаниясының аты жазылатын болады.

Жапон компаниясы бұл демеушілік үшін клубқа жылына 55 миллион еуро төлейді. Қос тарап төртжылдық келісімшартқа қол қойған, деп жазады Vesti.kz.

Соңғы жаңалықтар