Барак пен Мишель Обама Ақ үйде Хеллоуин құрметіне өткен кеште би биледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Барак Обама мен оның зайыбы Мишель Хеллоуин мерекесі құрметіне өткен кеште би биледі. Time мәліметтеріне қарағанда, шара Ақ үйде ашық алаңда өтті.

Президент жұбайымен тұрған сахнада өнер көрсеткен нөмірлердің  бірінде балалар келіп Майкл Джексонның Thriller әніне зомби биін биледі. Мұны көрген ерлі-зайыпты Обамалар  қошеметтеп қол соқты да артынша бірге билеп кетті.

БАҚ деректеріне сүйенсек, кеш 31 қазанда өткен. Оған 4 мыңнан астам адам қатысты - негізінен жергілікті мектептерден кіші сынып оқушылары, сондай-ақ әскери қызметшілердің отбасы мүшелері. Жиналған қауымға конфеттер мен басқа да тәттілер таратылды, деп хабарлайды newsru.com.

 

Соңғы жаңалықтар