Барак Обама шоу бағдарлама жүргізуі мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама Netflix компаниясымен жеке шоу ашу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл туралы The New York Times басылымы жазады. 

Басылымның жазуына қарағанда, келіссөздер бастапқы сипатқа ие және оның форматы әлі нақты емес. Тек белгілісі шоуға Ақ үйдің бұрынғы басшысы әйелі Мишельмен қатысатындығы.

Болжамды бағдарламаның басты тақырыбы денсаулық сақтау реформасы, миграция, жаһандық жылыну, құқық салаларын қамтуы мүмкін. Сондай-ақ, Мишель Обама үнемі көтеретін дұрыс тамақтану мәселесі де шоу тақырыбына өзек болуы ықтимал.

Айта кетейік, Netflix- америкалық халықаралық ойын-сауық компаниясы. 1997 жылы 29 тамызда Скоттс-Вэллиде (Калифорния) Рид Хастингс және Марк Рэндольф құрған.

Соңғы жаңалықтар