Банктер халыққа жеңілдетілген ипотека беруді бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асырудың барысын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биыл 9 айдың қорытындысы бойынша тұрғын үй құрылысына 591,3 млрд теңге инвестиция жұмсалды, оның ішіндегі 108,4 млрд теңге мемлекеттік инвестицияға тиесілі. С онымен қатар есепті кезеңде 7,9 млн шаршы метр тұрғын пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,2 пайызға артық. Бағдарламаның жылдық жоспарына орай, тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемі 78,2 пайызға орындалды. Барлығы 69,9 мың баспана салынды», - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Биыл сатып алу мүмкіндігінсіз жалға берілетін тұрғын үй құрылысына 25 млрд теңге бөлінген. Бұл қаржыға 5 936 пәтердің (311,3 мың шаршы метр) құрылысы басталған. Оның  ішіндегі 2 697 пәтер (150 мың шаршы метр) биыл пайдалануға берілетін болады. Қазіргі уақытта Атырау мен Жамбыл облыстарында 78 пәтер (4,9 мың шаршы метр) пайдалануға берілді. Қалғаны жоспар бойынша жылдың соңына дейін тапсырылмақ.

Оның сөзіне қарағанда, жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға бағытталған 60 мың жер учаскесіне, оның ішінде бұдан бұрын берілген 35,8 мың және жаңа 24,8 мың учаскеге инженерлік коммуникация тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жеке тұрғын үй құрылысының пилоттық жобасы  аясында 6 өңірде бірыңғай сәулеттік стильде 1975 үйдің (219,3 мың шаршы метр) құрылысы жүргізіліп жатыр, оның ішінде 362 үй биыл пайдалануға беріледі.

«Жергілікті атқарушы органдардың кредиттік тұрғын үйлер бойынша 8495 пәтер жоспарланған. Іс жүзінде жылдың басынан бері 3731 пәтер (250 мың шаршы метр) пайдалануға берілді және жылдың соңына дейін 4764 пәтер (273,5 мың шаршы метр) тапсырылады»,-жежді Ж. Қасымбек.

«Байтерек девелопмент» АҚ салып жатқан кредиттік тұрғын үй нысандары бойынша 6570 тұрғын үй салу жоспарланған болатын. Қазіргі уақытта 4625 пәтер (278,2 мың шаршы метр) пайдалануға берілді және жылдың соңына дейін қосымша 1945 пәтер (111,4 мың шаршы метр) тапсырылатын болады.

«Құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру тетігі биыл 2-ші тоқсаннан бері белсенді жұмыс істей бастады. Бүгінгі күні екінші деңгейдегі банктер құрылыс компанияларының құны 57,2 млрд теңге болатын 32 жобасын қарап жатыр.  Жалпы  35,1 млрд теңге сомасындағы 17 жобаға қолдау көрсетілді, оның ішінде: Өңірлік үйлестіруші кеңестер және екінші деңгейдегі банктер 12,2 млрд теңге сомасындағы 11 жобаны мақұлдады. 22,9 млрд теңге сомасындағы 6 жобаға шарт жасалды. Қалған 15 жобаны екінші деңгейдегі банктер қарау үстінде», - деді министр.

Республиканың 14 өңірінде екінші деңгейдегі банктер халыққа жаңа тұрғын үй сатып алуға жеңілдетілген ипотека беруді бастады. Бүгінгі күні банктер жалпы сомасы 7 млрд теңге болатын 700 өтінішті қабылдап, 6,6 млрд теңгеге сомасындағы 650 өтінішті мақұлдады.

Соңғы жаңалықтар