Банкпен соттасқан Қостанай тұрғыны жеңіп шықты

None
None
КОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қалалық соты банктен алған қарыз келісімшартын жарамсыз деп тану туралы арыз-шағымды қарады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот материалдарында көрсетілгендей, 2013 жылы шағымданушы мен банк арасында келісімшарт жасалған. Шартқа сәйкес шағымданушы ай сайын банк қызметі үшін 4200 теңге көлемінде комиссия төлеуі керек болған.

«Шағымданушы бұл төлемді заңсыз деп есептеп, комиссияны төлеу және банктен ол соманы қайтару бөлігінде несие шартын жарамсыз деп тану туралы сотқа талап-арыз түсірген», - деп түсіндірді ведомстводан.

Сот шағымданушының талаптарын толығымен қанағаттандырды.



Фото: hyser.com.ua

Соңғы жаңалықтар