Банкке баспанасын беруге мәжбүр болған ақтөбелік жетімдер әкімдіктен күдер үзді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде анасы қаза болған соң баспанасынан айырылған Сарқұловтар әулетінің төрт баласы қазір жалдамалы пәтерде жүр. Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтан көмек сұраған жетімдерге облыстық қаржы басқармасынан ресми жауап келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласында тұратын Сарқұловтар отбасындағы жағдайды бұған дейін хабарлаған едік . Қазіргі уақытта 4 жетім бала жергілікті жанашырлардың көмегімен пәтер жалдап отыр. Таяуда ғана Ақтөбе облыстық қаржы басқармасынан ресми жауап келді.

«Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың қабылдауында болған кезде банктегі қарызды қайтаруға көмектесу туралы айтқан болатынсыз... Жеке адамның екінші деңгейлі банк алдындағы қарызын бюджет есебінен төлеу ҚР Заңнамасында қарастырылмағанын хабарлаймыз. Егер екінші деңгейлі банктің шешімімен келіспесеңіз сотқа жүгінуге құқығыңыз бар»,- деп жазылған облыстық қаржы басқармасының басшысы Г. Сүйінтаева жауап берген хатта.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың қабылдауында болып, өз өтінішін білдірген үйдің үлкені Абай Жұмабаев қазір кімнен көмек сұрап, қайда барарын білмей отыр.

null 

«Біз анамыздан қалған үйге мұрагер болудан бас тарттық. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Ал облыстық қаржы басқармасынан бес күн бұрын ғана жауап келді. Хатты оқып, қарапайым ғана кеңес берілгенін көрдім. Мен облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қабылдауында болып, оған үмітпен келіп отырғанымды жеткіздім. Ол мұрагерліктен бас тартып, тұрғын үй кезегіне тұру керек екенін айтты. Кездесу кезінде банк алдындағы қарызды өтеу туралы емес, баспана мәселесін шешуді ойлаған едім. «Аға, соңғы үмітім сізде, барар жерім жоқ, осы мәселені қарастырып берсеңіз жақсы болар еді» дедім. «Сені түсінемін, көмектесемін» деді. Бірақ көмек көрген жоқпын. Кездесуден соң хабарын бер деп қабылдау бөлмесінің телефонын берді. Телефон шалып, қайта байланыса алмадым. Қазір күдер үзіп отырмын»,- деді Абай Жұмабаев.

Айта кетейік, Сарқұловтар отбасының кенжесі Мерген Сарқұловты ағасы Әлішер Сарқұлов өз қамқорлығына алатын болды. Құжат рәсімделген соң Сарқұловтар пәтер кезегіне тұра алады.

null 

«Қолғанат Ақтөбе» қайырымдылық қоры бізге хабарласып, пәтерге қажетті төсеніш, ыдыс-аяқ әкеліп берді. Қарапайым адамдар банктегі есепшотыма ақша аударған екен. Оларға алғыс айтамын. 300 мың теңге жиналыпты. Оны алып, депозитке салдым. Себебі, ертең не болатынын білмейміз. Өз қамымызды өзіміз ойлауымыз керек. Бізге пәтер жалдап берген Әлия апа да көмек көрсететінін айтқан. Бәрі белгісіз күйінде қалып тұр», - деді Абай Жұмабаев. Алдағы уақытта Әлихан Сарқұлов Ақтөбе техникалық колледжінің сырттай бөлімінде оқуын жалғастыратын болды. Әлішер Сарқұлов та білім алады. Ал үйдің кенжесі Мерген Сарқұлов №56 орта мектепке ауыстырылды. Қазақстандықтар анасынан айырылып, әкесінен баз кешкен балаларға көмектесе алады.

Абай Сарқұловтың тел нөмірі: +7 (702) 963-16-79

4402573539623324 Халық банк
Жұмабаев Абай Мырзағалиұлы 
ИНН 950802351844 

Соңғы жаңалықтар