«БанкЦентрКредит» банкоматтары мен POS терминалдары іске қосылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «БанкЦентрКредит» банкоматтары мен POS терминалдары іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұндай хабарландыру банктің сайтында жарияланды.

«Құрметті клиент. Банктің банкоматтары мен POS терминалдарындағы қызмет көрсету қалпына келтірілді», - делінген сайтта.

Осыдан 30 минут бұрын қаржы мекемесінің банкоматтары мен терминалдары істен шыққан болатын. Банктің байланыс орталығында сервер бұзылғанын, уақытша қолайсыздықтар 2-3 сағатқа созылуы мүмкін екендігін мәлім еткен болатын.

Карта қолданушыларының айтуынша, «БанкцентрКредит» карталары басқа банкоматтарда да іске қосылмаған еді.

Соңғы жаңалықтар