«БанкЦентрКредит» банкоматтары 3 сағаттай істемейтін болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «БанкЦентрКредит» АҚ банкоматтары қызмет көрсетпей тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Банктің қолдау орталығында уақытша ыңғайсыздықтар 3 сағатқа дейін созылуы мүмкін екендігін айтты.

«Құрметті клиент. Біздің банкоматтар мен POS терминалдарда қызмет көрсету мүмкін болмай тұр. Сервер істен шыққандықтан POS терминалдар да банкоматтар да істемей жатыр. Келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Қалпына келтіру уақыты қосымша хабарланады», - делінген банктің сайтында.

Карта қолданушыларының айтуынша, «БанкцентрКредит» карталары басқа банкоматтарда да іске қосылмай тұр.

Соңғы жаңалықтар