Bank RBK-ның жұмысын толықтай қалпына келтіру мерзімі белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Bank RBK-ның қаржылық жағдайын толықтай қалпына келтіру мерзімі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық банкі төрағасының міндетін атқарушы Олег Смоляковтың сөзіне қарағанда, Bank RBK бойынша бекітілген негізгі келісім акционерлер тарапынан біртіндеп қаржыны құюды ескереді. Содан кейін, Bank RBK өтінімі мақұлданғаннан соң,  бірнеше транш есебінен басқа банктерге ұқсас  тәртіптелген несие ұсынылады.

«Осы рәсімдердің барлығы жыл соңына дейін ақталуы тиіс. Банк біртіндеп жеке тұлғалармен ақша қаражатын пайдалануға лимиттерді алып тастайтын болады. Бірінші кезекте студенттерге, жалақы алатындарға, несие карталарына қатысты болады, сондай-ақ кейіннен өзге де кредиторлар мен депозиторлар қамтылады. Атап айтқанда, ақша ағыны алдағы екі-үш айда жүретіндіктен, бұл мерзімде банктің жұмысын толықтай қалпына келтіре аламыз», - деп нақтылады О. Смоляков Сенаттың жалпы отырысы барысында тілшілер сауалына жауап беру кезінде.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Үкіметі Ұлттық банкпен және «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-мен бірлесіп «Bank RBK» Банкі» АҚ-ты қалыпқа келтіру шараларының кешенін әзірледі. 

Соңғы жаңалықтар