Банк ғимаратынан «жарылғыш зат» табылмады - Алматы полициясы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ бас ғимаратынан «жарылғыш зат» табылмады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек айтты.

«Қазыбек би мен Абылайхан көшелерінің қиылысындағы банктің бас ғимаратынан жарылғыш зат табылмады. Қазір банк штаттық режімде жұмыс жасауда. Ал банктің қаладағы 3 филиалында  жарылғыш зат әлі де іздестіріліп жатыр», - деді Салтанат Әзірбек.

Айта кету керек, таңертең белгісіз біреу Қазыбек би мен Абылайхан көшелерінің қиылысындағы ғимаратта жарылғыш зат барын хабарлаған. Шұғыл түрде ғимараттағы қызметкерлер мен клиенттер сыртқа шығарылған болатын.

Соңғы жаңалықтар