Бангладеште қоқыс жәшігінен 10 құйма алтын табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бангладеш Республикасының кеденшілері Дакка әуежайының қоқыс жәшігінен 10 құйма алтын тауып алды, деп хабарлайды Би-би-си.

Табылған сом алтындардың суреті республика кеден қызметінің Фейсбуктегі парақшасында жарияланған. Құймалардың жалпы салмағы 3 келі шамасында.

Бангладеште алтын контрабандасы етек алған. 2014-2015 жылдары кеденшілер елдің екі халықаралық әуежайынан 1 тоннаға жуық контрабандалық алтынды тәркілеген.

Соңғы жаңалықтар