Бангладеш президенті Астанаға ұшып келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бангладеш Халық Республикасының президенті Абдул Хамид Ғылым және технологиялар бойынша Ислам ынтымақтастығы ұйымының бірінші саммитіне қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қадірлі қонақты Астана әуежайында ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев пен Астана әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхамбетов қарсы алды.

Еске сала кетсек,10-11 қыркүйек күндері Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен ғылым және технологиялар жөніндегі ИЫҰ бірінші саммиті өтеді. Саммитке ИЫҰ мүше мемлекеттердің, байқаушы елдердің, халықаралық және өңірлік ұйымдардың80-ге жуық делегациясы қатысады.

Одан бөлек, 10қыркүйек күні Астанада өткен ЭКСПО-2017 халықаралық мамандырылған көрмесінің салтанатты жабылу рәсімі өтеді.

Соңғы жаңалықтар