Балконнан құлаған қостанайлық ауруханада көз жұмды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласында пәтердің 4-қабатынан құлап кеткен ер адам мерт болды, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомство өкілдері мәлімдегендей, 46 жастағы қала тұрғыны абайсызда құлап кеткен. Оны бірден қалалық ауруханаға жеткізді.

«Қатты соққы салдарынан ер адамның бас сүйегі, мойын омыртқасы, оң жақ бұғанасы сынған, сондай-ақ, миы шайқалған. Ол 20 қараша күні түнге қарай көз жұмды», - деді Қостанай қалалық ауруханасының бөлім меңгерушісі Марал Әбілқасымов.

Соңғы жаңалықтар