Балқаштағы топтасып зорлау ісіне қатысты сот отырысы басталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Балқаш тұрғынын топталып зорлаған атышулы оқиғаға күдікті екі азаматтың ісіне қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Сот отырысы жабық күйде өтеді.

Екі сотталушының ісіне қатысты Қылмыстық кодекстің үш бабы - 125 бап, 2 тармақ «Адам ұрлау», 121 бап, 2 тармақ «Сексуалды сипаттағы күштеу әрекеттері» және 120 бап, 2 тармақ «Зорлау» бойынша іс қозғалды.

Сотталушылар қазір қамауда отыр.

Өзін ұрлап әкетіп, зорлаудың құрбаны болған жәбірленуші Алматыда баспасөз конференциясына шыққаннан кейін іс көптің назарына ілікті. Іс Қарағанды облысы прокуратурасының бақылауына алынып, қалалық ішкі істер бөлімінен өңірлік ішкі істер департаментіне берілді.

Айта кетейік, Нұргүл Құсылбекованың полицияға мәлімдеуінше, 2016 жылдың тамыз айында Балқаш қаласының екі тұрғыны оны бейіт басына апарып, қорлаған. Олар оны қабір қазуға мәжбүрлеп, күрекпен соққыға жыққан. Табанды түрде прокуратура мен полицияға жүгінгені үшін өзін жәбірлеушілердің кегінен қорыққан ол Балқаштан кетіп, Теміртау қаласында пәтер жалдап тұрған.

Соңғы жаңалықтар