Балқашта мас әйелдің үш жасар ұлын автомобиль қағып кетті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Балқашта жолдың үстіне жүгіріп шыққан үш жасар баланы көлік қағып кетті. Ал, полицейлер оның мас күйдегі анасын наркодиспансерге жеткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі қалалық ІІД-ге сілтеме жасап.

Бала Ағыбай батыр көшесінде жаяу жүргіншілер жолағы жоқ жерден көшеге жүгіріп шықан. Әйел бес жасар қызымен бірге келе жатып, ұлының жолға шығып кеткенін байқамай қалған.

Балақайдың миы шайқалып, бірнеше жерінен жарақат алған. Ол Балқаш қалалық орталық ауруханасына жатқызылды. Дәрігерлер балаға ешбір туысының келмегенін атап өтті. Тек келесі күні клиникаға алкогольдің иісі шығып тұрған 29 жастағы анасы келген. Полицейлер оны наркодиспансерге жеткізген.

«Баланы қағып кету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аналық міндетін дұрыс атқармай жүрген анасының жағдайы туралы ювенальды полицияға хабарланды», - деді Балқаш ІІБ жергілікті полиция қызметінде. 

Соңғы жаңалықтар