Балқашта бұзақылар машиналардың баллонын жарып жүр

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Балқаш ықшамаудандарының бірінде бірнеше ондаған автомобильдің доңғалағына белгісіз бұзақылар зиян келтірген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Баллоны тесілген машиналардың нақты санын полиция анықтап жатыр. Машинасының жүруге жарамсыз болып қалғанын көлік иелері 21 қаңтар күні таңертең білген. Автомобильдердің кейбірінің бір немесе екі доңғалағы зақымданған, ал кейбірінің төрт баллоны да тесілген.

Көлік иелері түрлі пікірлер айтып жатыр. Біреу доңғалақ жөндеу салондарына клиент тарту мақсатында жасалған десе, енді біреулер еріккен бұзақылық әрекет деп бағалап отыр.

Полиция қылмыскерлерді іздеп жатыр. ҚР ҚК 293-бабы («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. 

Соңғы жаңалықтар