Балқашта бұзақылар ашаршылық құрбандарына орнатылған ескерткішті зақымдаған

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Балқашта ашаршылық құрбандары құрметіне қойылған ескерткішті белгісіз біреулер зақымдап, тас төсеуіштерді ұрлап кеткен, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Ашаршылық құрбандары құрметіне қойылған ескерткіштің зақымдалуы туралы шағымды қалалық әкімдік түсірді. Материал ҚК 188-бабы «ұрлық жасау» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тіркеліміне тіркелді», - деп хабарлады қалалаық прокуратура.

Залалдың сомасы анықталып жатыр. Ашаршылық құрбандарының ескерткіші күзетілмейді. Ол жерде видеобақылау камералары жоқ.

«Біз ұрлық жасалғаны туралы ақпаратты ашаршылық құрбандарына дұға қылу үшін жұма намазға келген тұрғындардан білдік», - деп хабарлады қалалық әкімдік.

 

Соңғы жаңалықтар