Балқашта бейәдеп смс хабарлама жіберген мұғалім сотталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Балқаштағы балаларды дамытуға арналған халықаралық орталықтың оқытушысы бұрын бірге тұрған ер азаматты өзіне қайтару үшін өштескен адамына бейәдеп смс хабарламалар жіберіп, сот алдынан бірақ шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқытушы бірге тұрып жатқан ер азаматтың өзіне деген адалдығына күмән келтіре бастайды. Жігітінің ұялы телефонынан белгісіз қыздан келген хабарламаны алған соң оңды-солды оған әдепсіз сөздер жазып жібере бастаған. Хабарламаға жауап болмаған соң ол қыздың телефонына тыным бермей қоңырау шалған. Үздіксіз қоңыраудан шаршаған қыз болса, телефонын өшіріп тастап артынан мазасын алған әйелді сотқа берген.

Сот ҚР ҚК-нің 131 бабы бойынша (азаматтың намысына тию, өзге адамды әдепсіз сөздер айтып қорлау) іс қозғады.

Айыпталушы әйелдің өзінен кешірім сұрап татуласуға деген ниетін айыпкер назарға да алмаған. Осылайша, Балқаш қалалық сотының судьясы Марат Башанов оқытушыны ҚР ҚК-нің 1 бабы бойынша кінәлі деп тапты.

«Айыпталушыны 60 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалсын. Сотталушыдан зардап шеккен азаматқа моральдық шығын ретінде 100 мың теңге, сондай-ақ құқықтық шығындар үшін тағы 50 мың теңге алынсын»,-деп үкім шығарды судья.

Соңғы жаңалықтар