Балқашта аспанға оқ атқан азамат ұсталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Балқаш тәртіп сақшылары ермек үшін бірнеше рет аспанға оқ атқан жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бірнеше рет атылған мылтықтың дауысы Русаков ауданынан шықты. Полиция қызметкерлері жедел 10 минуттың ішінде, алғашқы оқ атылғаннан кейін-ақ, 43 жастағы ер азаматты ұстады. Ол оқты көлігінің терезесінен атқан. Балқаш прокуратоурасының қызметкері Мәди Әбішевтің айтуынша, «Мерседес» автокөлігінің жүргізушісі ұсталды.

«Атыс салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қаруын пайдалана отырып, бұзақылық әрекетке барған азамат ұсталды. Аталған дерек Балқаш ішкі істер органдарының сотқа дейінгі тексеруінің бірыңғай тізіліміне тіркелді», - деді Мәди Әбішев. 

Соңғы жаңалықтар