Балқашта 50 көліктің дөңгелегін жарған бұзақылар қолға түсті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Балқаш қаласының полицейлері 20 қаңтар күні  түнде тұрғын үй аулаларында қаңтарылып тұрған 50-ге жуық көліктің дөңгелегін жарған 24 және 23 жастағы жігіттерді ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлімдегендей, ұсталғандар бұл қадамға ішімдіктің әсерінен барғандарын мойындаған.

«Дөңгелектерді бұзақылық ниетпен тескен. Олардың әрекеті маңайдағы бақылау камераларының біріне ілінген»,-деп жазады баспасөз қызметі.

Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК 293 бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып кетті.

Еске сала кетейік, бұған дейін 20 көліктің дөңгелегін тесіп кетті деген ақпарат түскен болатын, кейін анықталғандай, полицияға 50 көліктің иесінен шағым түскен.

Соңғы жаңалықтар