Балқашта 5-қабаттан құлаған қыз аман қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Балқашта 5-қабат терезесінен құлаған қыз аман қалды, деп хабарлайды қазАқпарат.

«28 ақпан күні Балқаштың орталық аурханасына жағдайы өте ауыр қыз жеткізілді. Бас миы шайқалған, аяғы мен қолы сынып, өкпесі жарылған. Шұғыл травматолог, нейрохирург, хирург және өзе де мамандардан мультидициплинарлық команда жасақталды. Нейрохирург, хирург және травматолог бір мезетте өздерінің бағыттары бойынша ота жасады», - деп атап өтті облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Басқарма баспасөз хатшысы Айжан Исаның айтуынша, қазіргі уақытта қыздың жағдайы бірқалыпты. Бұған қоса, дәрігерлер оның жарақаттары мүгедектікке апарып соқпайды деп үміттеніп отыр. 

«Қыз әлі де жансақтау бөлімінде жатыр. Бастапқыда ол жасанды жолдармен тыныс алған еді. Қазір жасанды тыныс алу аппараты ажыратылды. Яғни, қыз өз бетінше дем ала алады. Пациенттің жағдайы өте ауыр, бірақ бірқалыпты деп бағаланады. Оң өзгерістер бар», - деді А.Иса.

Сонымен қатар ол Балқаш ауруханасы дәрігерлерінің біліктілігі өте жоғары екендігін, қызды өлім ауызынан алып қалғанын баса айтты.

«Балқаш орталық ауруханасы дәрігерлерінің біліктілігі жоғары екендігін атап өткім келеді. Бұрындары мұндай жарақатпен адамдар өліп кететін. Ал қазір аурухана дәрігерлерінің деңгейі жоғарлады, аталған операциялардың барлығы да сол жерде жасалуда», - деді Айжан Иса.

Соңғы жаңалықтар