Балқаш наны маркасының танымалдығы арта түспек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Индустрияландыру күні аясында «Қазақстанның үздік тауары-2016» атты республикалық конкурс болып өтті. Байқауда "Балқаш нан" комбинаты ұжымы жеңіске жетіп, мерейі үстем болды.

«Біздің кәсіпорын  Тәуелсіздігіміздің  25 жылдығында  Елбасы қол қойған «Қазақстанның үздік тауары» номинациясы бойынша І  дәрежелі Дипломмен марапатталды, бұл  өте айтулы оқиға деп білеміз. Сонымен бірге бұл Балқаш наубайханашыларының еңбегіне берілген жоғары баға, әрі үлкен жауапкершілік, - дейді «Бал­қаш нан»  комбинатының директоры Айгүл Бүрленова. - Бүгінгі күні біздің кәсіпорын тек Балқашты ғана емес, қалаға іргелес жатқан поселкелердің және Қарағанды, Алматы мен Астана қалаларының тапсырыстарын орындайды. Болашақта кәсіпорынның қуаты артпақ, соған сәйкес осы өнімдермен тәуелсіз еліміздің басқа аймақтарын да өз  өнімдерімен қамтамасыз ету көзделуде. Мақсатымыз Балқаштың  наны   маркасының танымалдығы артып, бүкіл Қа­зақстанға белгілі болса дей­міз».

null  

Бүгінгі күні кәсіпорын 85-тен астам нан-тоқаш өнім­дерін өндіреді. Жаңа техно­ло­гияны пайдалана отырып, зауыт адам денсаулығына  пайдалы диеталық және жоғары сортты нан өнімдерін өндіреді.

"Балқаш нан" комбинаты әлеуметтік бағдардағы кәсіпорын ретінде әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына қолдау көрсетеді. Қала көлемінде өтетін қайырымдылық акцияларына ұдайы қатысып, Балқаш қаласындағы балалар үйін нан өнімдерімен қамтамасыз етеді.  Күн сайын  мұқтаж жандарға арналған  дүкен арқылы нан өнімі тегін беріледі.

Зауыттың іске қосылғанына көп болмаса да, Балқаш нан зауытының жетістіктері аз емес. Жақында ғана  зауыт ұжымы Орта азиялық халықаралық "WorldFood Kazakhstan 2016" көрме аясында өткен 2016 жылдың ең үздік нан және кондитерлік өнімдер байқауында «Жыл таңдауы» деген жоғары марапатқа ие болған еді. Сондай-ақ екі үшінші орынды иеленіп, «Өнімнің ең жоғарғы сапасы үшін» медалімен марапатталған болатын.

null 

 

Соңғы жаңалықтар