Балқаш маңындағы шөлде ультрамарафон өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Балқаш маңы шөлдері - 2018, 200 км» атты ультрамарафон ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметке сілтеме жасап.

Бұл шара Балқаш маңы шөлдерінің экожүйесін, жануарлар мен өсімдіктер әлемін сақтауға, жеңіл атлетиканы, ультрамарафонды және салауатты өмір салтын дамыту мәселелерін ілгерілету мақсатында өткізіледі.

«ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасымен және «Marat#ON» жүгіру клубымен бірлесе отырып 2018 жылғы сәуірдің 27-28 аралығында «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының құрылуымен ұштастырылған «Балқаш маңы шөлдері - 2018, 200 км» атты ультрамарафонын ұйымдастырады»,  деп жазды Сәкен Ділдахмет Фейсбуктегі парақшасында.

Айта кетерлігі, ультрамарафон Алматы облысы Балқаш ауданының (Бақанас а. - Қараой а.) аумағында бапкер, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Гиннестің рекордтар кітабына жеті рет тіркелген Марат Жыланбаевтың жетекшілігімен өтеді.


Иллюстрациялық фото

Соңғы жаңалықтар