Балқаш көліне батып кеткен ресейлік әскеридің мәйіті табылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат -  Қарағанды облыстық ТЖ департаментінің іздестіру-құтқару тобының сүңгушілері 11 қараша күні суға кеткен екінші ресейлік әскеридің мәйітін тапты», - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Еске сала кетсек, 11 қараша күні 23:15-те ТЖ департаментіне Балқаш көліне балық аулауға шыққан Ресейдің №03080 әскери бөлімшесінің әскери қызметшілері, 1981 және 1985 жылғы РФ азаматтарының жоғалып кеткені туралы хабар түскен. 

Бес сағаттан кейін, 12 қараша күні сағат 03:48-де бір әскеридің денесі табылды.

«Мәйіт бүгін 15:07-де Балқаш көлі жағасынан 100-110 метр қашықтықта іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында табылды.  Іздестіру жұмыстарын Қарағанды облыстық ТЖ департаментінің құтқарушылары, жергілікті халық және Ресей Федерациясының әскери бөлімшесі жүргізді», - деп хабарлады Қарағанды облыстық ТЖД ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.

Іздестіру жұмыстарының ұзаққа созылуына қолайсыз ауа райына және күшті жел мен көлдегі толқындар себепші болған. 

Соңғы жаңалықтар