Балқаш көлінде жоғалып кеткен балықшыны суасты видеокамералар арқылы іздеуде

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Балқаш көліне батып кеткен балықшыны іздеу үшін суасты видеокамералар қолданылуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Ішінде адамы бар джиптің суға батқан сәтінен сегіз күн өткенге қарамастан, іздестіру әлі жалғасуда. Оған республикалық және халықаралық конкурстарда бірінші орын иеленіп жүрген ең үздік сүңгуірлер жұмылдырылды», - деді Қарағанды облыстық ТЖ департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Қуаныш Муталлапов.

Іздестіру жұмыстарына 24 техника мен 69 адам тартылды. Қазіргі таңда оқиға орнының аумағындағы 90 мың шаршы метр тексерілді.

Еске сала кетейік, 21 наурыз күні төрт балықшы Қарағанды облысындағы Балқаш көлінде мұз астына түсіп кеткен. «Ниссан Терано» автомобилінің жүргізушісі үш жолаушымен бірге Балқаштан екі шақырым жердегі көлдің мұз қатқан бетімен жүрген. Жұқа мұз қабаты жарылып, көлік пен адамдар суға кеткен. Құтқарылған үш ер кісінің айтуынша, олар джиптің салонында болғанда балықшы достарын су бетіне шығарған. Бірақ, өзі үлгермеген.

Соңғы жаңалықтар