Балқаш көлінде суға батып кете жаздаған демалушылар құтқарылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Балқаш қаласы ТЖ басқармасының құтқарушылары суға батып кете жаздаған жеті демалушыны жағаға шығарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қарағанды облысы ТЖ департаменті баспасөз қызметінің басшысы Қуаныш Мұталлаповтың мәлімдеуінше, ТЖ басқармасына хабарлама куәгерлерден келіп түскен.

«Балқаш көлінің «Профилакторий» шипажайы маңында адамдар мінген қайық аударылып қалған. Жедел құтқару тобының құтқарушылары оқиға орнына дереу жетті. Зардап шеккендер «Windboat-47» катерінің бортына шығарылды», - деді Қуаныш Мұталлапов.

Зардап шеккендердің барлығы Теміртау қаласының тұрғындары. Олармен қайықта өздерін қалай ұстауы керектігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«Құрбан болғандардың тізімін толықтырмас үшін қарапайым ережелерді сақтау керек, қайыққа адамдардың шамадан тыс отыруына жол бермеу, қайықты тебе отырып, орын ауыстырмау және құтқару жилеттері мен белбеулерінсіз суға түсуге болмайды», - деді қайықта демалушылардың қауіпсіздік ережелерінің негізгі талаптарымен таныстырған Қуаныш Мұталлапов.

Соңғы жаңалықтар