Балқаш көлінде екі ресейлік әскери қызметші жоғалып кетті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Ресейдің №03080 әскери бөлімшесінің екі қызметшісі Балқаш көліне барып, жоғалып кетті. Оның біреуінің суға батқан денесі табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Осы күндері Балқаш көлінде күшті жел толастамай тұр. Қарағанды облыстық ТЖД ресми өкілі Жанна Дәуренбекованың айтуынша, осындай ауа райында, 11 қараша күні 1981 және 1985 жылы туған екі ресейлік әскери қызметші балық аулауға барып, жоғалып кетеді. «Ресей азаматтарының бірінің денесін жергілікті тұрғындар түнгі 03:48-те тауып алған. Екіншісін іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда», - дейді ол.

Іздестіру жұмыстарына алты құтқарушы, бес жергілікті тұрғын және Ресей әскери бөлімшесінің 15 қызметкері жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар