Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 14 °С
Алматы: 23 °С
USD 326.17 EUR 401.25
RUB 5.31 CNY 51.84
Жаңалықтар

Балқаш көлінде балық аулауға тыйым салынды

2017 жылғы 17 сәуір 22:29 1468
Бөлісіңіз:
Балқаш көлінде балық аулауға тыйым салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда уылдырық шашу маусымы басталды. Осыған байланысты Қарағанды облысында 20 сәуірден 20 мамырға дейін көксерке балығын аулауға тыйым салынды.

Сонымен қатар, 1 мамырдан 1 маусымға дейін аймақтағы су қоймаларында тұқы мен сазан аулауға болмайды. 

Мұнымен қоса, 15 сәуірден бастап Балқаш көлінде балық аулауға болмайды. Тыйым 1 маусымға дейін күшінде болады. Бір жарым айдың ішінде көл арқылы уылдырық шашатын балықтар өтеді. Осы уақыттың ішінде белсенділер көлді балық аулайтын торлардан тазартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімінің ресми сайты.

 

 


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Мұрағат