Балқаш балығы Ресей мен Украинаға экспортталады

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Балықты өңдеу жобасын «Мыңарал Компания» ЖШС іске асыратын болады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жамбыл облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, өңір басшысы Кәрім Көкірекбаев Мойынқұм ауданына жасаған жұмыс сапары барысында Балқаш көлінің жағасындағы Мыңарал ауылында орналасқан балық зауытында болды.

Еске салайық, 2014 жылы Тәуелсіздік күні қарсаңында қолданысқа берілген балық өңдеу зауыты Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылған ірі жобалардың бірі саналады. Мыңарал балық зауыты жылына кем дегенде 1,5 мың тонна өнім шығарады. Жобаның жалпы құны 600 млн. теңгені құрайды, сондай-ақ 200 жұмыс орны ашылған.  Зауытта жиырма қайық және тәжірибелі балықшылар бар.

Зауыт директоры Сергей Нидің айтуынша, кәсіпорын тазартылған Балқаш балығын (көксерке, сазан, ақтабан, жыланбас балық, ақмарқа, торта балық), балық сүбесін, кептірілген балықты, шикізатты терең өңдеу өнімдері - балықтың сүйегінен жасалған ұн және балықтың тартылған етін шығарады.

Зауыт айына 40 тонна кептірілген балықты өндіреді. Дайын өнімдер Қазақстанның ішкі нарығына да, Ресей мен Украинаға экспортқа да жіберіледі. 

Соңғы жаңалықтар