Балиева «жәбір көрген» 7 жасар баланы Астанаға алып келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында зорлыққа ұшырады делінген жеті жастағы оқушы бала жақындарымен бірге Астанаға жеткізілді, деп хабарлайды Хабар 24.

Еліміздің бала құқықтары жөніндегі уәкілі Зағипа Балиева Шымкентке арнайы барып, келеңсіз оқиғаға душар болған жеткіншекті өзімен бірге елордаға алып келгенін мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, Оңтүстік Қазақстандағы жағдайдан кейін өңірдегі жауапты шенеуніктердің біразы қызметінен босатылып, кейбірі қатаң сөгіспен құтылды.

Қазақстанның Бала құқықтары жөніндегі уәкілі, Парламент Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева аталған іске қатысты тілшілерге қысқа ғана жауап беріп, тағдыры тәлкекке ұшыраған баланың елордада тиісті мамандардың назарында екенін айтты.

«Біз бұл мәселеге қатысты бірнеше маманды шақырамыз. Білім министрлігі мен ішкі істер министрлігінің де өкілдері келеді. Олар барлық сұрақтарға толық жауап беруі тиіс. Бүгін мен бір сағат ғана ұйықтадым. Сондықтан демалып алып, ертең арнайы баспасөз мәслихатын ұйымдастырамыз», - деді ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Парламент Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, кеше түнде Зағипа Балиева Оңтүстік Қазақстан облысына арнайы келіп, өңірдің ІІД бастығымен және қылмыстық іс бойынша өтіп жатқан 7 жасар баланың туыстарымен кездесті. Сондай-ақ балаға кешенді және тәуелсіз сот-медициналық сараптама жүргізу үшін өзімен бірге Астанаға алып кететінін айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар