Баласымен жоғалып кеткен шымкенттік ана Алматыдан табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Перзентімен бірге жоғалып кеткен шымкенттік жас ана Алматыдан табылды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаментіне сілтеме жасап otyrar.kz хабарлайды. 

Айта кетейік, Хуршида Бану Мулажанова 21 қаңтар күні азаңмен Шымкенттің Қарасу шағын ауданындағы үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Жас ана 6 жасар Марсельді өзімен бірге ала кеткен. Ол өзінің туыстарына Республика даңғылы бойындағы «Рахат» аялдамасына жақын орналасқан медициналық клиникадан анализдерінің қорытындысын аламын деп кеткен. Одан кейін оны ешкім көрмеген. 

«Жас ананың телефоны өшіп тұрған, құрбыларымен байланысқа шықпаған. Шымкентте оның туыстары жоқ. Содан соң әйелдің күйеуі оның жоғалғаны туралы полицияға хабарлаған. Сондай-ақ шымкенттіктердің көмегі қажет»,-деп жазған фейсбуктегі әлеуметтік парақшасында жас ананың күйеуінің туысы Фаррух Абдюшев.

Іздеу жұмыстары қалай жүріп жатқанын Фаррух әлеуметтік желіде «Құрметті достар, мен біздің отбасымызда осындай жағдай болады деп ойлаған емеспін. Мұндай жағдайды бастан өткеруді ешкімнің де маңдайына бұйыртпасын. Менің туған інімнің әйелі 6 жасар баласымен жоғалып кетті»,-деп жазған.

Оның мәліметтерінше, Хуршида Бану Қазақстан азаматы емес, ал оның анасы Ресейде тұрады. Жоғалған әйелдің анасы өзінің қызы туралы ақпаратты күйеу баласынан естіген.

Соңғы жаңалықтар