Баланың басынан күрекпен ұрған шымкенттік тұрғынды полиция іздестіруде

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте баланың басынан күрекпен ұрған қатыгез тұрғын іздестіріліп жатыр. Бейнежазба WhatsApp әлеуметтік желісіне тарап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Жергілікті телеарналардың бірі оқиға Шымкент қаласына қарасты 11-ші мөлтекауданында түсірілген деген болжам жасауда. Бұл туралы видеоны арнаға жолдаған оқиғаның куәсі жазып жіберген. Бейнежазбада ер азамат 4-5 жас шамасындағы баланы бір-бірінің үстіне қаланып орнатылған көлік дөңгелектерінің ішіне тұрғызып қойып, басынан күрекпен ұрып жатқаны түсірілген. Ал шарасыз бала қорғанып, басын қолымен жабуға тырысады. Ал оқиғаның куәсі болып тұрған әйел балаға көмектесуге құлықсыздық танытқан.

ОҚО ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, қазір бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 110-бабымен («Азаптау») қылмыстық іс қозғалды. Шымкент қаласына қарасты Еңбекші аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тергеуге дейінгі шаралар жүргізіп, баланы ұрған адамды іздестіріп жатыр. Оның кім екені анықталған жағдайда заң бойынша жауапқа тартылатын болады.

«Бейнетүсірілімді полиция қызметкерлері қарап шықты. Қазір тәртіп сақшылары баланы ұрып жатқан азаматты іздестіруде. Тексеру нәтижесі бойынша тиісті шара қолданылады. Ол жайында қосымша хабарлайтын боламыз», - деді ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

null 

Видео: Телевидение TVK  

Соңғы жаңалықтар