Балаларын түнде еркімен жіберген 372 ата-ана жауапқа тартылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы жергілікті ювенальды полиция түн ішінде қараусыз жүрген жасөспірімдер мен бала еңбегін пайдалану фактілерін анықтау мақсатында рейд өткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Алматы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара барысында қоғамдық ұйымдардың мүшелері мен БАҚ өкілдері 6 топқа бөлініп, полиция қызметкерлерімен бірге қаладағы ойын сауық және қоғамдық орындарды аралады.

«Рейд барысында 414 жасөспірім жеткізілді, соның ішінде 392 бала әкімшілік құқықбұзушылық жасаған, 22-сі - қараусыз жүргендер. Бейімдеу орталығына 19 бала жеткізілді. Балаларын түнде қараусыз жіберген 372 ата-ана әкімшілік жауапқа тартылды», - дейді полиция полковнигі Лейла Әліпбаева.
 null 

Оның айтуынша, ойын-сауық орталықтарына кәмелетке толмаған жасөспірімдерді кіргізгені үшін 15 жауапты тұлғаға қатысты материалдар жасөспірімдер ісі бойынша ауданаралық сотқа жіберілді.

Сонымен қатар, балаларға алкоголь және темекі өнімдерін сатқан 8 сауда нүктесі анықталды.

null

Соңғы жаңалықтар