Балаларды құтқарған қарағандылық студент ауыр күйік жарақаттарын алды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда өзінің інісі мен қарындасын өрттен құтқарған Политехникалық колледждің екінші курс студенті Никита Паршиков марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Никитаның айтуынша, ол екі жасар інісі мен бір жарым жастағы қарындасымен бірге үйде болған. Отты көрген уақытта жалынның арасымен жатын бөлмеге қарай өтіп, үрейлері қашқан балаларды төсек жапқышымен бүркеген. Кейін оларды алаулаған оттың арасымен далаға алып шыққан. Інісі мен қарындасын құтқарамын деп өзі зардап шеккен, оның аяғын, қолы мен бетін күйік шалған, сондай-ақ ол иіс тиіп уланған.

«Никита болашақ құтқарушы. Ол өте жауапты әрі адал ниетті студент және ол колледждің спорттық және қоғамдық шараларына әрдайым белсенді қатысады», - деп мәлім етті Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Департамент басшысы Ибрагим Құлшымбаев Никитаны «Төтеше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапаттады. Марапаттау рәсімі  Құтқарушылар күніне арналған салтанатты шара барысында өтті. 

Соңғы жаңалықтар