Балалар үйінің тәрбиеленушісі Роза Рымбаевамен Кремль сарайында ән шырқады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудегі Мемлекеттік Кремль сарайында «Ты супер!» шоуының ақтық сайысы өтіп, оған балалар үйлерінің, мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері мен қамқоршы отбасылардағы жеткіншектер қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Смотрите завтра в 20:00 по московскому времени телешоу "Ты супер" на телеканале НТВ - наше выступление с Владиславом Лоскутовым на сцене кремлевского дворца. Влад @loskutov.vlad ты супер!👍🏽#нтв #кремль #тысупер

Публикация от Роза Рымбаева (@rozarymbaeva) Май 26 2017 в 11:26 PDT

Бұл шараның аясында сахнаға Өскеменнен 17 жасар Владислав Лоскутов Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаевамен шығып, «Алғашқы махаббат» әнін орындады. Влад шоуда бағын сынаған төрт қазақстандықтың бірі, яғни ол ширек финалға дейін жетіп, өнерімен тәнті етті. Атап айтқанда, бұл жобаға еліміздің атынан Рано Сабанкулова, Владимир Сарафутдинов және Роман Корнеев те қатысқан еді.

Публикация от Влад Лоскутов (@loskutov.vlad) Май 7 2017 в 10:01 PDT

10 жастағы Рома «Ты супер!» атты жаңа топтың құрамына Таня Дузенко, Соня Аллахвердиева, Вика Жулимова есімді өрендермен бірге енді. Продюсерлердің шешімімен «Ты супер!» тобы байқаудан тыс өтті. Бұл ұжым алғаш рет сахнада 8 сәуірде өнер көрсетті.

Публикация от Влад Лоскутов (@loskutov.vlad) Май 7 2017 в 10:00 PDT

Кішкентай әртістер «Надо подумать» атты әнді орындады.

Жобаның жеңімпазы ретінде Абхазиядан келген 12 жасар Валерия Адлейба танылды. Жалпы кастингке оннан астам елден 1,5 мыңнан астам дарын иелері қатысты. Іріктеу турындағы 92 қатысушының ішінен жартылай финалға 20-сы өтті, ал ақтық сайыста 10 бала өнер көрсетті.


Соңғы жаңалықтар