Балалар ұрланды деп жалған ақпарат таратушылар ұсталды - ҚР ІІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Талдықорғанда балалар ұрланды деп жалған ақпарат тарату күдігімен 3 адам ұсталды. Бұл жайында ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Соңғы уақытта WhatsApp арқылы балалар ұрлануда деген хабарламалар таратылуда. Ол шындыққа еш жанаспайды. Алаңдауға ешқандай себеп жоқ. Азаматтарға көрінеу жалған ақпарат тарату  қылмыстық жауапкершілікке түрткі болатындығын ескерткім келеді. Бүгінгі күні Талдықорғанда балалар ұрланды деп жалған ақпарат тарату күдігімен 3 адам ұсталды», - деді Алмас Садубаев.

Сонымен қатар ол кәмелетке жасы толмағандарға қатысты қандай бар бір құқыққа қайшы әрекеттер туралы ақпаратты білген болса, онда оны өзімен байланысты адамдарға  емес полицияға хабарлау қажет екендігін атап өткен.

«БАҚ өкілдері мұндай ақпаратты жарияламас бұрын оның анықтығын ІІМ мен ІІД баспасөз қызметтерінен анықтап алуды өтінемін. Азаматтардың, әсіресе балалардың өміріне қауіппен байланысты жалған ақпарат ел халқының арасында дүрбелең туындатуы мүмкін», - деді департамент басшысы.

Соңғы жаңалықтар