Балалар ЭКСПО көрмесінен алған әсерімен бөлісті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Білім басқармасының ақпараты бойынша, «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесіне баруға тиіс болған 23138 оқушының бүгінде 13 280-і көрмеде болған, деп хабарлайды Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Елордаға балаларды Ақмола облысының аудандарынан және Көкшетау қаласынан мұғалімдер мен ата-аналары әкелген. «ЭКСПО-2017» көрмесіне барған балалар өз ойларымен бөлісті.

«5 сағаттық экскурсиямыздың уақытында біз шамамен 15 павильонда болдық, онда әр түрлі елдер жайлы және жаңартылған энергия көздерінің пайдалануы жайлы білдік. Әрине, көрменің басты көзайымы ­­­­­- Қазақстанның қол жеткізген жетістіктері көрсетілген шар. Маған және менің достарыма еліміздің ғылыми қайраткерлерінің жаңартылатын энергияға қатысты ұсынған идеялары қатты ұнады. Айта кетерім, көрмедегі атмосфера, әсіресе шардағы 8 қабат рухтандырады. Өкінішке орай, біз барлық павильонда бола алмадық. Біз достарымызбен есептесек, барлық көрмені аралап шығу үшін және барлық экспонаттардың мазмұнын түсіну үшін шамамен 3 тәуліктей уақыт керек екен», - дейді Степногорск қаласынан келген оқушы Арина Зарипова.

Ал Сандықтау ауданынан апалы-сіңлілі Лариса мен Валерия Каляцкилар бәрінен бұрын Қазақстан көрмесі таң қалдырғанын айтады: «Бізге барлығы ұнады: ғимараттар, экспонаттар, рәсімдеу, үлкен экрандар, дыбыс, демонстрациялық алаңдар, шетелдіктерден бастап жергілікті адамдар және тағы басқалары. Көрмеге кіргенде қазақстанның павильоны - үлкен шар, әр елдің үлкен әрі әдемі павильондары, ерекше формадағы сәулет өнерінің рухы бірден баурап алады. Біз әр түрлі ұлт өкілдерімен кездестік, бұл біз үшін ерекше болды. Осылайша, күнделікті өмірде көре алмайтын дүниелерді тамашаладық».

Көкшетаулық Роман Зарубежнов Таиланд елінің павильонында тегін массаж алуға болатынын біліп, тіптен таң қалуда: «Маған Таиланд елінің павильоны қатты ұнады. Онда қызықты видеороликтар өте көп. Әрі тегін массаж жасайды. Бұл өте жақсы!» - дейді ол.

Көрменің аяқталуына дейін Ақмола облысынан әлі 10 мың бала барады деп жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар