Балабақша күзетшісі 30-дан астам адамды өртеп жіберді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилияның Минас-Жерайс штатындағы балабақшалардың бірінде жантүршігерлік оқиға болды.

 Балабақшаға күзетші өрт қойып, салдарынан алты бала, бір тәрбиеші қаза тапқан, тағы ондаған адам ауыр жарақаттанған, деп хабарлайды Globo TV.

Оқиға 5 қазан, бейсенбі күні Жанауба қаласында болған. Телеарнаның ресми сайтындағы мәліметтерге қарағанда күзетші,50 жастағы Дамиао Соарес душ Сантуш өзінің және балалардың үстіне бензин құйып, артынан өртеп жіберген.

null

  Төрт жастағы төрт бала оқиға орнында қаза тапқан, тағы екі бала мен 43 жастағы тәрбиеші ауруханада жан тапсырған. Күзетшінің өзі де түгел жанып кеткен.

Өрт сөндірушілер ауруханаға жеткізілген 24 адамның 21-і бүлдіршіндер екенін мәлімдеді. Ал жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, қайғылы оқиғадан жалпы 45 адам зардап шеккен.

Күзетшінің соңғы сегіз жыл бойы сол балабақшада жұмыс істеп келгені белгілі болды, ол психикалық ауытқуға шалдыққан болуы мүмкін деген жорамалдар бар.

Қайғылы оқиғаға байланысты жергілікті билік жеті күндік қаралы күн жариялады.

Соңғы жаңалықтар