Бақытжан Сағынтаев Тәжікстан Президентімен кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев елімізге ресми сапармен келген Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Кездесу барысында энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік, трансшекаралық суды пайдалану, азаматтық авиация, көші-қон, денсаулық сақтау, мәдениет, білім және ғылым салаларындағы екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен оны кеңейту мәселелері талқыланды. Бұдан өзге, өңіраралық қатынастардың перспективалық бағыттары, Қазақстан мен Тәжікстанның іскерлік құрылымдары арасындағы тікелей байланыстар, сондай-ақ екі елдің экспорттық әлеуетін жүзеге асыру мәселелері қаралды.

Еске сала кетейік, кеше, 14 наурызда Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Тәжікстан Президенті Э. Рахмонмен шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізді. Кездесулер барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері және оларды одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.

Анықтама: ҚР мен ТР арасындағы дипломатиялық қатынастар 07.01.1993 жылы орнаған. Тәжікстан - Қазақстанның Орталық Азия аймағындағы екінші ірі сауда серіктесі, оның үлесіне өңір елдерімен жалпы сауда айналымының шамамен 20% тиесілі.

2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы тауар айналым $776,3 млн құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 31,5%-ке жоғары көрсеткіш ($590,2 млн). Қазақстаннан Тәжікстанға экспорт 2017 жылы 23,3%-ке өсіп, $458,7 млн құрады.

Соңғы жаңалықтар