Бақытжан Сағынтаев «Шеврон» компаниясының өкілдерімен кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев корпорацияның бас атқарушы директоры, директорлар кеңесінің төрағасы Джон Уотсонның басшылық етуімен «Шеврон» өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарланды primeminister.kz.

Кездесу барысында мұнай-газ саласында бірлескен жобаларды одан әрі іске асыру мәселелері талқыланды.

Айта кетейік, «Шеврон» компаниясы әлемдегі бесінші ірі біріктірілген энергетикалық компания және Каспий өңірінде жұмыс істейтін көшбастаушы жеке мұнай өндірушісі. Компания мұнай мен газ өндіру, қайта өңдеу, мұнай химиясы, электр энергиясын өндірумен айналысады, геотермалды энергия және биоотын саласында әзірлемелер жүргізеді.

Қазақстан Республикасында «Шеврон» компаниясы «Теңізшевройл» ЖШС (50%), Қарашығанақ жобасында (18%), Каспий құбыр желісі консорциумына (15%) қатысады.

Соңғы жаңалықтар