Бақытжан Сағынтаев «Шелл» концерні өкілдерімен кездесу өткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев компанияның атқарушы директоры Бен Ван Берден басшылығымен «Роял Датч Шелл Плс» өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz . 

Кездесу барысында ынтымақтастық мәселелері мен «Шелл» компаниясымен Қазақстанның мұнай-газ саласында бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.Анықтама: «Шелл» нидерланды-британ энергетикалық концерні 1997 жылғы 18 қарашада қол қойылған, Солтүстік Каспий бойынша өнімдерді бөлу туралы келісім (СК ӨБК) қатысушыларының бірі.

СК ӨБК бойынша келісімшарттық аумақта мына кен орындары орналасқан: Қашаған, Қаламқас-теңіз, Ақтоты, Қайран және Оңтүстік-Батыс Қашаған.

Соңғы жаңалықтар