Бақытжан Сағынтаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесінің бетпе-бет отырысы өтті. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Отырыс барысында Қордың әрі қарай дамуы, жобаларды іске асыруға, оның ішінде Құрық портындағы паром кешенінің құрылысына және әмбебап жүк-жолаушылар паромдарын пайдалануға беруге және т. б.  қатысуы мәселелері талқыланды.Оған қоса, 2018 жылға Жұмыс жоспары қаралды.   

Анықтама: 2008 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен «Самұрық-Қазына» қорының негізі қаланған. Инвестициялық холдингтің міндеті ҚР ұлттық әл-ауқатын арттыру және ұлттық экономиканы жаңғыртуды қолдау болып табылады. 

Соңғы жаңалықтар