Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік сатып алу саласын тәртіпке келтіруді тапсырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев еліміздің Қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа министрліктің мемлекеттік сатып алу саласындағы өңірлік қызметтерінің жұмысын тәртіпке келтіруді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бақыт Тұрлыханұлы, әкімдер сізге қарасты өңірлердегі қызметтердің барлық конкурстарды тоқтатын тетіктері бар екендігін қуаттайды. Сондықтан сіз мән-жайды анықтап, тәртіпке келтіріңіз. Жалпы осы жерде айтылған барлық ұсыныстарды қолдаймыз. Талқылап, Президент Әкімшілігімен келісу үшін бір апта уақытымыз бар. Келесі жолы дауыс беретін боламыз және маусым айының соңына дейінгі белгіленген мерзімде заң жобасын (Мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасы) Мәжіліске енгізуге тиіспіз. Жүргізіліп жатқан жұмыстарды жалғастырамыз. Егерде жаңа өзгерістер туындайтын болса, онда депутаттық корпустан қолдау көрсетуін өтінетін боламыз»,-  деді Б. Сағынтаев.

Ал Қаржы министрінің айтуынша, Мемлекет басшысының Жолдаудағы тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленген заң жобасына сәйкес Үкіметтің алдына екі міндет жүктеледі. Біріншісі  - орталықтандырылған қыметтер ұстанымы бойынша мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай жүйесін енгізу. Екіншісі - квазимемлекеттік секторда, табиғи монополия мен жер қойнауын пайдалану саласында сатып алулар жүргізу әдістерін түбегейлі қайта қарау.

«Заң жобасы негізгі 3 блоктан тұрады. Біріншісі мемлекеттік сатып алуларды орталықтандыруға қатысты. Екіншісі квазимемлекеттік сектордағы сатып алуаларды реттеумен байланысты болса, үшіншісі құқық қолдану тәжірибесінің қорытындысында әзірленген мемлекеттік сатып алуларды жетілдіруге бағытталған түзетулер», - деді Бақыт Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар