Бақытжан Сағынтаев Қарағанды облысының әкімін жұмыспен қамтуға жауапты екенін ескертті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Премьер-Министрі жиында Қарағанды облысы әкіміне технологиялық жаңғырту үдерісінде зауыттарда қысқартылуы мүмкін жұмысшылардың қайта даярлығы үшін дербес жауапты екенін ескертті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Елде бірқатар кәсіпорындар автоматтандырылған жұмыс режіміне ауысуда. Адамдардың орнына өндіріс үдерісін орындайтын роботтар пайда болады. Жұмысшылар бөлігі қысқартылады. Осыған байланысты Премьер-Министр Қарағанды облысының әкіміне колледждерге бақылауды күшейтіп, оқу орнына жұмысшыларды сұранысқа ие кәсіпті игеруге қайта даярлыққа жіберуді тапсырды.

«Бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындар технологиялық жаңғыртуға көшеді. Ерлан Жақанұлы сіз халықты жұмыспен қамтуға басыңызбен жауап бересіз. Олар технологиялық жаңғырту жүргізіліп жатқанына кінәлі емес. Олар бұл үдерістің игі іс екенін ұғуы тиіс. Ел даму үстінде, елмен бірге халықтың әл-ауқаты жақсаруы тиіс. Қысқарған жұмыскерлерді қайда орналастыру керек, қай сала дамиды, қай мамандық сұранысқа ие - бұл мәселелрді шешуге колледждер де қатысуы тиіс», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Сондай-ақ министрлер кабинетінің басшысы қазақстандық колледждердің жұмысы жайлы пікір білдірді. «Павлодарда жаңа заман талаптарына сәйкес мамандық бойынша білім беру бағыттарын өзгертпейтін колледждердің бары жағамды ұстатты», - деді Б. Сағынтаев.

ҚР Премьер-Министр Павлодардың оқу орындарында тиімді білім беру және халықты мамандыққа оқыту мәселелерінде жұмыстары мардымсыз. «Мұнда әкім орынбасарлары отыр. Барлықтарыңа құлаққағыс. ЖОО-лар министрліктің қарамағында, колледждер - әкімдік қарамағында. Сіздер колледждерде қандай мамандыққа оқытып жатқанын тексерулеріңіз қажет», - деп тапсырды Премьер-Министр.

Соңғы жаңалықтар