Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 14 °С
Алматы: 9 °С
USD 326.17 EUR 401.25
RUB 5.31 CNY 51.84
Жаңалықтар

Бақытжан Сағынтаев: Экономиканың өсімі - баршамыздың ортақ ісіміз

2018 жылғы 17 сәуір 13:23 432
Бөлісіңіз:
Бақытжан Сағынтаев: Экономиканың өсімі - баршамыздың ортақ ісіміз

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев 2018 жылдың І тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Премьер-Министр Атырау облысын дамытудың өзекті мәселелерін талқылады

«Деректерден көріп отырғандарыңыздай, бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша өсім 4,1 пайызды құрап отыр. Елбасы Үкіметке экономика өсімін қамтамасыз ету бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізу міндеттерін қойып отыр. Сол себепті бұл тапсырмаларды орындауда жүйелі шараларды қабылдауымызды қажет етеді. Бұл күрделі міндет. Дегенмен, біз ай сайын барлық өңірлер бойынша экономиканың әр саласы бойынша тиісті өнімнің өсуін қамтамасыз етуіміз қажет. Бұл - баршамыздың ортақ ісіміз», - деді Сағынтаев бүгінгі Үкімет отырысында.

Айта кетсек, Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 2018 жылдың І тоқсаны бойынша елдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жайлы баяндама жасаған болатын. Министр биылғы жылдың І тоқсанында ел экономикасында жағымды үрдістер сақталғанын атап өтті.

«Есептік кезеңде ЖІӨ өсуі 4,1 пайызды құрады. 2017 жылдың сәйкес кезеңінде ЖІӨ 3,6 пайыз болған еді. Мұндай серпін өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының, көрсетілетін қызметтер саласының өсуімен байланысты. Сондай-ақ, жалпы ішкі өнімнің ұлғаюына инвестициялардың жоғарғы өсімі мен төмен инфляциялық процестер септігін тигізуде. Инфляция жыл басынан бері 1,8 пайызды құрады. Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңі бойынша 0,5 пайызға төмен. Жылдық мәндегі инфляция 6,6 пайызды құрады», - деді ол.


Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Мұрағат