Бақытжан Сағынтаев цифрлық экономика мәселелері жөнінде кеңес өткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жобасының мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz .

 Кеңес барысында экономиканың базалық салаларын цифрландыру, ІТ-индустрияны дамыту мәселелері талқыланды, сондай-ақ, Астанада Astana Hub технопаркін құру жобасы қаралды.  

 «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасы Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен цифрлық жүйені үдемелі дамыту арқылы халықтың өмір сүру сапасын арттыруды көздейді.

Жобаны іске асыру нәтижесінде Қазақстанның ЖІӨ-не АКТ секторының үлесі 2020 жылға қарай 4,85%-ға жетеді деп күтілуде; АКТ саласындағы еңбек өнімділігі 31%-ға артып, халықтың цифрлық сауаттылығы 80%-ды құрап, интернет қолданушылар үлесі 78%-ға дейін ұлғайтылып, электронды түрде ұсынылған мемлекеттік қызметтердің саны қағаз және электронды түрде алынған жалпы қызметтер саны тұрғысынан 80%-ға дейін ұлғайтылады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар