Бақытжан Сағынтаев Чехияның өнеркәсіп және сауда министрі Ян Младекпен кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет Үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Чехияның өнеркәсіп және сауда министрі Ян Младекпен кездесті.

Кездесу барысында елдер арасындағы әрі қарайғы сауда-экономикалық ынтымақтастық келешегі, сонымен қатар жаңғырмалы энергетика, машина құрастыру, ауыл шаруашылығы, мәдени-білім беру ынтымақтастығы саласындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Табысты экономикалық ынтымақтастықтың мысалы ретінде қазақстандық «Азия Авто» АҚ базасындағы «Skoda»  автокөлігін құрастыру бойынша конвейерлік желі қызметін айтуға болады. 2005 жылдан бастап ҚР-дағы «Skoda» өндірісінің көлемі 69 669 млн теңге сомасында 19 888 автокөлікті құраған.

Тараптар экономиканың түрлі салаларында, соның ішінде мұнай-газ, ауыл шаруашылығы салаларында, көлік, құрылыс, автокөлік өнеркәсібі, туризм, қоршаған ортаны қорғау салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты әрі қарай нығайтуға әзір екенін білдірді.

Соңғы жаңалықтар